31 Желтоқсан 2023 2023, 08:32 Фото: архив

Бүгін елдің 3 қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап

Бүгін Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

2023 жылғы 31 желтоқсанда Шымкент, Атырау, Алматы қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.