Бүгін елдегі эпидахуалды бағалау матрицасы өзгеріссіз тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы