12 Маусым 2024, 06:17
Фото: BAQ.KZ архив
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
12 маусымда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
12 маусымда еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында ауа сапасы ластанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:
- Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
- Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
- Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
- Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.
- 1 шілдеге дейін жаңартылған 30 вокзал ашылады 11:21
- Шымкентте 750 млн теңгелік жоба тоқтап қалған: Прокуратура мәселені шешті 10:43
- Алматыда оқушы көбейіп, мектеп жетпей жатыр: Ең қиын жағдай қай ауданда? 10:10
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54
- Алматыда роботакси таныстырылды 08:42