11 Сәуір 2024 2024, 08:42 Фото: архив

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

11 сәуірде республиканың басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

11 сәуірде республиканың басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, тек Алматы қаласында және түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.