13 Қыркүйек 2026, 08:18 Фото: istockphoto.com

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Бүгін, 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Қолайсыз метеожағдай кезінде желдің әлсіз болуы, тұман және температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандар мұндай жағдайда тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуді шектеу, ал жүрек-қан тамырлары, өкпе және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.

Сондай-ақ ашық ауадағы физикалық белсенділікті азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан жөн.