Бүгiн 2026, 08:54 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

«Қазгидромет» РМК бүгін, 26 сәуірде Алматы және Талдықорған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдайлар кезінде атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар шоғырланып, ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін. Бұған көбіне тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия әсер етеді.

Осыған байланысты аталған қалаларда ауа сапасы уақытша төмендеуі ықтимал.