Бүгiн 2026, 08:32 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

«Қазгидромет» РМК бүгін, 9 сәуірде елімізде ауа сапасы нашарлайтын қалалар санын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін Өскемен мен Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мұндай жағдайлар тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия салдарынан зиянды заттардың жиналуына әкеледі. Соның нәтижесінде елді мекендерде ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.