Кеше 2026, 08:32
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
Ауа ластану деңгейінің қалыптасуына синоптикалық жағдай – жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы маңызды әсер етеді.
Бүгін, 13 наурызда Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 13 наурызда Алматы мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдайларды, сондай-ақ ауаның ластануын болжайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы: тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия. ҚМЖ кезінде қаладағы ауа сапасы нашарлап, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауа ластану деңгейінің қалыптасуына синоптикалық жағдай – жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы маңызды әсер етеді.