12 Наурыз 2026, 08:40
Фото: pixabay
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" ауа сапасына қатысты болжамды жариялады.
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 наурызда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Балқаш қалаларында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.