Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 19 маусымда Өскемен, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий құбыр консорциумы Украинаға қарсы талап арыз береді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы