16 Қаңтар 2023 2023, 09:08
Бүгін екі өңірде мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде мектептер онлайн білім беруге ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ауа райының бұзылуына байланысты екі өңірде мектептер онлайн білім беруге ауыстырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Абай облысында Семей қаласында, Бесқарай ауданында 1-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Аягөз ауданының 1-4 сынып оқушылары да онлайн форматқа көшіріледі. Өңірдің қалған аудандарында сабақ штаттық форматта өтеді.
Павлодар облысының Екібастұз қаласында барлық мектептер қашықтан білім беруге ауыстырылды.