Бүгін БЖЗҚ бөлімшелері қалыпты күн тәртібінде жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бүгін, яғни 7 қаңтар күні Қордың барлық бөлімшелері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін толық жұмыс істейтінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерінен сіз зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу, деректемелерді, хабарлау тәсілін өзгерту және т. б. сияқты ең танымал қызмет түрлерімен бірге қызметтердің толық спектрін ала аласыз.

Міндетті түрде алдын-ала жазылу керек екенін ұмытпағаныңыз жөн. Күндізгі қабылдауға enpf.kz корпоративтік сайтына кіріп, саусақтың екі-үш қимылымен-ақ жазылуға болады. Сайттың басты бетіндегі «Электрондық сервистер» қосымша бетіне өтіп, «Қызмет көрсету кезегін брондау» баннеріне басу қажет. Одан кейін сіз филиалға бару үшін өзіңізге ыңғайлы уақытты таңдай аласыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы