Бүгін биржада доллар 6 теңгеге қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы(KASE) деректері.
Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 6,65 теңгеге көтеріліп, 434,47 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 6 мамырдағы ресми бағамы 427,80 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 437,63 теңге, сату - 443,18 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 437,28 теңгеден сатып алынып, 441,71 теңгеден сатылып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 4-бап
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы