Бүгін бірқатар өңірде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 7 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Елдің басқа бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, батыс аймақтарда тұман түседі. Сонымен қатар, бірқатар облыстарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Абай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдай күрделі болуы мүмкін.

Төтенше өрт қаупі Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында болжанып отыр.

Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылуына мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы