24 Шілде 2026, 07:55
Фото: pixabay
Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
24 шілдеде бірнеше қалада – Ақтөбеде, түнде Атырау, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.