14 Желтоқсан 2023 2023, 08:12 Фото: архив

Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Қазақстанның бес қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылғы 14 желтоқсанда Астана, Алматы, Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.