Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2026 жылғы 21 қаңтарда Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қасиетті кітап" емес: Салық кодексінде болуы мүмкін өзгерістер
Өзгелердің жаңалығы