Бүгін бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 26 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі, – деп жазылған "Қазгидромет" хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ганг өзенінің жағдайы өте ауыр
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы