Бүгін бірнеше өңірде аптап ыстық болады

Қазгидромет 20 тамызға ауа райы болжамын ұсынды. Кейбір өңірлерде ертең ауа температурасы 39 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында күн райы құбылады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Жалпы республика бойынша екпінді жел болжанып отыр. Күндізгі уақытта Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының батысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында күн 35-39 градусқа дейін ысиды.

Атырау, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында, Ұлытау облысында, Алматы облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Жетісу облысының батысында да өрт қаупі жоғары болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы