2 Ақпан 2025 2025, 18:00

Бүгін бірнеше көлік өртенді

Соңғы уақытта автомобильдердің өртенуі жиілеп кетті, деп хабарлайды BAQKZ.

Соңғы уақытта автомобильдердің өртенуі жиілеп кетті, деп хабарлайды BAQKZ.

Осылайша бүгін күндіз ғана Жетісу облысында 1, ал елордада 2 жеңіл автокөліктің жануы орын алды. Өрттер сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Көбінесе жанғыш материалдардан тұратын автокөлік 4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді.

Мұндай өрттен автомобильдің бензинді багының немесе газ баллонының жарылуынан жарақат алмау үшін кем дегенде 10-15 метр қашықтықта болуыңыз шарт.

ТЖМ көлік салонында жұмыс істейтін ұнтақты өрт сөндіргішті ұстауға кеңес береді.