Бүгін бес қалада қолайсыз ауа райы күтіледі
Бүгін, 27 тамызда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің дерегінше, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Теміртау қалаларында, сондай-ақ түнде Астана қаласында ауа сапасы төмендеуі мүмкін.
Қолайсыз метеожағдайлар – әлсіз жел, тұман немесе инверсия кезінде зиянды заттардың ауада жиналуына әкелетін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мұндай құбылыс халықтың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Трамп Ким Чен Ынмен кездескісі келеді
Келесі жаңалық
Синоптиктер: Қазақстанда алда күшті аяз күтіледі
Өзгелердің жаңалығы