19 Наурыз 2024 2024, 06:50 Фото: архив

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК сейсенбі, 19 наурызда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Теміртау қалаларында және түнде Қарағандыда атмосфералық ауаның ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК сейсенбі, 19 наурызда Атырау, Ақтөбе, Алматы, Теміртау қалаларында және түнде Қарағандыда атмосфералық ауаның ластануы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ұсынылатын кеңестер:

  • Ашық ауада, әсіресе автотрасса немесе басқа да ластану көздерінде болу уақытын қысқарту;
  • Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту;
  • Жүрек-қантамыр, өкпенің созылмалы аурулары, аллергиялық аурулары бар адамдарға ашық ауада болған жағдайда дәрілерін бірге алып жүру;
  • Ашық аспан астында физикалық жүктемені азайту. Спорт және дене шынықтырумен жабық спорт кешендерінде айналысу.