Бүгiн 2026, 08:54 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Мамандар тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан адамдарға, балалар мен қарттарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 21 маусымға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Алматы және Талдықорған қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Теміртау мен Қарағанды қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа райы факторларының жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, желдің әлсіз болуы, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап, ластаушы заттардың концентрациясы артуы мүмкін.

Мамандар тұрғындарға, әсіресе тыныс алу жүйесі ауруларына шалдыққан адамдарға, балалар мен қарттарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға кеңес береді.