Бүгiн 2026, 07:57 Фото: pixabay

Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың (ластаушы заттардың) жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия) үйлесімі.

2026 жылдың 10 сәуірінде Алматыда және Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"-ке сілтеме жасай отырып.

Синоптиктердің мәліметі бойынша, 10 сәуірде Өскемен, Семей, Риддер және Таразда, ал күндіз Алматыда қолайсыз ауа райы болжануда.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың (ластаушы заттардың) жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия) үйлесімі.

Қолайсыз ауа райы пайда болған жағдайда, елді мекендерде атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін, бұл адам денсаулығына әсер етеді.

Ластану деңгейін анықтайтын ең маңызды факторлардың бірі – ауа райы жағдайларының болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы).

Қолайсыз ауа райы жағдайлары кезінде мыналар ұсынылады:

  • Ашық ауада, әсіресе тас жолдардың немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын азайту. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болу керек;
  • Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдар далада жүргенде қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек;
  • Даладағы дене белсенділігін шектеу. Дене шынықтыру және спорттық іс-шаралар үй ішінде өткізілуі керек.