Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 15 қыркүйекке арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында және түнде Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мұндай жағдайлар тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман немесе инверсия секілді факторлардың әсерінен атмосферада зиянды заттардың шоғырлануына әкелуі мүмкін.

Салдарынан елдімекендерде ауа сапасының нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив
Өзгелердің жаңалығы