Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 14 шілдеде еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қарағанды, Теміртау, Орал, Ақтөбе және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады.

Мұндай жағдайлар атмосфераның төменгі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болуы мүмкін. Бұған себеп – әлсіз жел, тұман, инверсия және басқа да метеофакторлар.

Қолайсыз метеожағдай кезінде ауа сапасының нашарлау қаупі артады. Мамандар тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе созылмалы аурулары бар адамдарға абай болуға кеңес береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы