Бүгін бес өңірде қар жауады
Синоптиктер бүгін Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктер бүгін Қазақстанның бес өңірінде қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.
Астанада жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында 7 сәуірде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болып, ауа температурасы күрт төмендейді. Түнде 0-5 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 2-7 градус жылы болады. Облыстың солтүстік-батысында 1 градус үсік жүреді, температура одан әрі төмендей береді.
8 сәуірде түнде облыстың шығысында қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында 7 сәуірде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде 0-5 градусқа дейін күрт төмендейді, күндіз 0-5 градус жылы болып, ары қарай суыта береді.
Павлодар облысының солтүстік, батыс аймақтарында 7 сәуірде жауын-шашын, тұман болжанады. 8 сәуірде облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. 8 сәуірде ауа температурасы түнде 5-10 градусқа дейін төмендеп, күндіз -2 градустан 3 градус жылыға ауысады. Одан әрі температура төмендей береді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында 7 сәуірде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.