7 Қаңтар 2025 2025, 16:38

Бүгін «Барыс» елордада «Автомобилист» командасымен кездеседі

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Ойын елорда уақытымен 14:50–дe басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 64 мәрте кездескен. Оның 36-сы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Кейінгі бес кездесудің төртеуінде қазақстандық клуб аталған қарсыласына жіберді.

Қазір турнир кестесінде «Барыс» 23 ұпаймен 22-орында тұрса, «Автомобилист» 48 ұпаймен 12-орында келеді.

Айта кетсек, елордалық клуб бұдан кейінгі екі ойынын сырт айдында өткізеді. Алдымен 9 қаңтарда Ресейде «Лада» (Тольятти) клубымен кездессе, одан кейін 11 қаңтарда «Ак Барс» (Қазан) командасымен шеберлік байқасады.