Бүгін балаларды қорғау күніне орай 1000-нан астам іс-шара өтеді

Халықаралық балаларды қорғау күнінде еліміздің барлық өңірінде мерекеге арналған концерттер, акциялар, көрмелер, жарыстар мен шығармашылық фестивальдар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Бүгін ҚР Орталық мемлекеттік музейінде «Museum for kids» балаларға арналған музей лагері ашылды. Қатысушыларға музейге қатысты сабақтар, тарихи квест ойындары, суретшілердің шеберлік сабақтары, шығармашылық және қолөнер үйірмелері ұйымдастырылады. 

Қазақ Ұлттық өнер университетінде алғаш рет дарынды балаларды қолдауға бағытталған «Дарынды жұлдыз» балалар шығармашылық фестивалі басталады. Жас сайыскерлер «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша өнер көрсетеді, әр қатысушы 2 шығармадан орындайды. Бірі – ана тілінде болса, екінші ән мультфильмдердегі әндерге арналады. Театр студиясының кішкентай әртістері «Астана Опера» сахнасында «Балалар театрға шақырады» атты концерт қояды. 

Концерт алдында көрермен жас шеберлер мен суретшілердің жұмыстары қойылған көрмені тамашалай алады. Астанада музыкалық мектеп оқушылары Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның симфониялық оркестрімен бірге өнер көрсетеді. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы