Бүгін Азия ойындарының финалында Қоңқабаев пен Жалолов кездеседі
Бүгін, 5 қазанда Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан құрамасынан екі боксшы алтын медаль үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана уақытымен сағат 17:00-де шаршы алаңға Карина Ибрагимова шығады. Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтағы финалда тайваньдық Тинг Ю Линмен кездеседі.
Сағат 19:15-те ерлер арасында аса ауыр салмақтағы жекпе-жек өтеді. 92 келіден жоғары салмақтағы финалдық кездесуде Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысы Баходир Жалоловпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Азия ойындарының финалына жолдама алған Карина Ибрагимова бұған дейін солтүстіккореялық Джин Хянг Пэкті, моңғолиялық Намуун Монхорды және Тәжікстан өкілі Мижгона Самадованы жеңді.
Турнир барысында Қамшыбек Қоңқабаев Бахрейн боксшысы Данис Латыпов пен үндістандық ауыр салмақтағы боксшы Нарендерді жеңді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенат: Түркі инвестициялық қоры құрылады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы