Бүгін – Әзербайжанда аза тұту күні

Бауырлас ел 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қара жамылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тиісті жарлыққа республика президенті Ильхам Әлиев қол қойған. 

Әзербайжан ақпарат құралдарының хабарлауынша, ел мешіттерінде құрбан болғандардың рухына дұға бағышталып, еске алу шаралары өтеді.

Еске салайық, кеше Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы ұшақ апатқа ұшырады. Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың есімі жарияланды. Маңғыстауда апатқа ұшыраған ұшақ бұған дейін Түркияда келеңсіз оқиғаға тап болғаны белгілі болды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы