Бүгін ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Грекияда жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды prosports.kz.
Әлем чемпионаты 2-10 мамыр аралығында Грекияның Ираклион қаласында өтеді. Онда ел құрамасынан сегіз спортшы бақ сынайды.
Құрама сапында Екатерина Алякина (55 келі), Айсамал Сансызбаева (87 келі), Петр Хребтов (73 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Денис Полубояринов (81 келі), Егор Шерер (81 келі), Клим Басаргин (89 келі) және Сұлтан Мейрам (96 келі) сайысқа түседі.
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 1975 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте көш бастаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы