Бүгін – ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

Бүгін елімізде ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі мәлімдеді.

Агрономдар, мал өсірушілер, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының, сондай-ақ өнімдерді өндірумен және қайта өңдеумен байланысты аралас салалардың қызметкерлері – осы мамандардың еңбегінің арқасында күн сайын біздің дастарханымыз молынан жайылады – жаңа піскен нан, ет, сүт, май, қаймақ, көкөніс пен жеміс қоямыз. Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі отандық салада өндірілетін өнімге де байланысты.

Бүгінде елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу мақсатында шаралар қабылдануда, соның нәтижесінде азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі ұлғайып келеді, биыл 2,4 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Біз және еліміз үшін маңызды еңбектері үшін алғыс айтамыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ- архив
Өзгелердің жаңалығы