Бүгін - Атом саласы қызметкерлері күні

Қазақстанда 28 қыркүйек күні атом саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бекіту туралы жарлыққа ҚР Президенті 2008 жылғы 12 мамырда қол қойды. Бұл шешім Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4-бабына сәйкес қабылданған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің қазақстандық мерекелер күнтізбесіне енгізілуі атом өнеркәсібінің елдің экономикалық дамуындағы маңызды рөлін көрсетеді. Бүгінгі таңда атом өнеркәсібі Қазақстанда ең жоғары технологиялық, ғылымды қажет ететін және табысты салалардың бірі болып табылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бейбіт атомның жаһандық тәжірибеге сүйене отырып, ең оңтайлы шешім екенін атап өтті. Бұл мәселе күрделі болғандықтан, оны шешу кезінде барынша салмақты, болжамсыз және эмоциясыз қарау қажет.

Президент Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді бір жыл ішінде тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мәселе инженерияны дамыту, жаңа буын білікті атом инженері мамандарын қалыптастыру тұрғысынан да қарастырылуы тиіс.

Айта кетейік, жақында Вена қаласында Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) 65-ші жыл сайынғы Бас конференциясының сессиясы өтті. Бұл іс-шараға Қазақстан өкілдері де қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы