Бүгін Астананың бірқатар ауданында жарық пен ыстық су өшіріледі
Бүгін, 23 қыркүйекте Астананың бірқатар ауданында электр энергиясы, ыстық және суық су уақытша өшіріледі. Шектеулердің уақыты мен мекенжайларын елорда әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы жариялады.
Мекенжайға байланысты жарықты өшіру уақыты әртүрлі. Электр энергиясы 08:30-дан 16:30-ға дейін, 08:30-дан 16:00-ге дейін, 09:00-ден 10:00-ге дейін, 09:00-ден 11:00-ге дейін, 09:00-ден 16:30-ға дейін, 09:30-дан 18:00-ге дейін, 13:00-ден 16:30-ға дейін және 13:30-дан 15:30-ға дейін ажыратылуы мүмкін.
Мамандар бұл уақытта ағаштарды санитарлық қырқу, электр желілеріне техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар 23 қыркүйекте елорданың бірқатар мекенжайында ыстық және суық су беру уақытша тоқтатылады. Оның нақты уақыты мен мекенжайлары әкімдік мәліметінде көрсетілген.
Тұрғындарға электр және су желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты уақытша қолайсыздықтарды ескеріп, қажеттіліктерін алдын ала қамтамасыз ету ұсынылады.