Бүгін Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді
Бүгін Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында отандық және шетелдік бокс жұлдыздарының қатысуымен үлкен тарихи бокс кеші өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғайды.
Жәнібек өз елінде 2017 жылдан бері алғаш рет өнер көрсеткелі отыр. Ол 16 рет жұдырықтасып, барлығында айқын басымдықпен ұтқан. Ал франциялық боксшы Анауэль Нгамиссенге қазірге дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Cпорттық шара Астана уақыты бойынша кешкі 17:00-де басталады. Бокс кешін тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында 400 гектар орман өртеніп кетті
Келесі жаңалық
Екі облыста көлік қозғалысы шектелді
Өзгелердің жаңалығы