Бүгін Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа райының қолайсыздығынан Астанада бірінші ауысымдағы оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп жазылған Астана қалалық білім басқармасының хабарламасында.

Елордада осы уақытта термометр бағаны – 32 градусты көрсетіп тұр.

Сонымен қатар Павлодарда да бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқиды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы