Бүгiн 2026, 08:45 Фото: pixabay

Бүгін Астана мен 7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Сенбі, 28 ақпанда 8 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

28 ақпанда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Павлодар, Қарағады, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, түнде Қостанай қалаларында күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.