Бүгін Астана әуежайында 10-нан астам рейс кешікті

Астана әуежайында бүгін 10-нан астам рейс кешігіп, жолаушылар жолынан қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келеңсіздікке тап болғандардың қатарында Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те, бар. Ол оқиға орнынан желіге видео жариялап, Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер, жолаушылар алдына әрең шыққанын жеткізді.

Уақытында діттеген жеріне жете алмаған депутат енді, рейсті кешіктіретін әуе компанияларына айыппұл көлемін арттыруға кірісетінін жеткізді. Осы мақсатта, әуежайлардың жұмысын реттейтін заңға өзгеріс енгізбек.

Ал Air Astana әуе компаниясы Астана-Алматы бағытындағы рейстің 9 сағатқа кешігуін ұшақтың зақымдалуымен түсіндірді. Сондай-ақ, әуе компанияның 4 ұшағы бұзылып, оған жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл ұшақтарға бұған дейін Астанада жауған бұршақ зақым келтірген. Air Astana әуе компаниясы барлық қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрап, мәселені тез арада шешетіндерін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы