Бүгін «Ақтөбе» мен «Елімай» кездеседі
Бүгін Қазақстан премьер-лигасының 8-тур ойындары жалғасады. Екінші жарыс күнінде үш матч өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдымен 15.00-дe Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы кездеседі. Одан кейін 17.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды. «Ордабасы» осы маусымда алғаш рет қарсыласын Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионда қабылдайды. Ал 19.00-дe «Ақтөбе» мен «Елімай» (Семей) матчына куә боламыз.
Былтыр «Елімай» қарсыласын сырт алаңда жеңіп кеткен болатын.
Айта кетейік, кеше 10 мамырда «Тобыл» сырт алаңда «Астананы» жеңсе, Түркістанда «Тұран» мұнайлы өлкеден келген «Атыраудан» басым түсті. «Қызылжар» мен «Ұлытау» арасындағы кездесу 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы