3 Наурыз 2025 2025, 08:14
Фото: архив
Бүгін Ақтауда мектеп оқушылары қашықтан оқиды
Ақтау қаласындағы 1–11 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқитын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтау қаласындағы 1–11 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқитын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтаудағы мектептерде қалыпты оқу режиміне оралу ауа райына байланысты болады. Жаңалықтарды қадағалаңыздар, – деп мәлімдеді Ақтау қаласының білім бөлімі.
Бұған дейін Маңғыстау облысында қарлы боран болатыны, жолдарда көктайғақ күтілетіні хабарланған еді. Өңірдің солтүстік-шығысында аяз -22°C-қа дейін жетуі мүмкін.