Бүгін Ақмола, Қарағанды облыстарында қар жауады

Қазгидромет ел аумағында 31 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын күтіледі, түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде, күндіз жаңбыр түрінде. Ақмола, Қарағанды облыстарында түнде қар жауады. Алматы және Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, — делінген ақпаратта.

ҚР бойынша тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта көктайғақ болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы