Бүгін америкалық миллиардер Джефф Безос ғарышқа ұшады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 20 шілдеде Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безос иелік ететін Blue Origin ғарыш компаниясы алғашқы миссиясын орындайды. 

Бұл туралы Life Shot хабарлады.

New Shepard кемесінде Безостың өзі, оның ағасы Марк, сондай-ақ 82 жастағы Уолли Франк және 18 жастағы Оливер Дэмен болады. New Shepard Карман сызығын кесіп өтеді деп күтілуде. Ол - теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктік, көп елде ғарыш аймағының шекарасы деп анықталған.

Бұл миссия екі фактормен ерекшеленеді: Дэмен ғарышқа ұшқан ең жас адам, ал Франк ең қарт адам болмақ.

Капсула зымыран ұшқаннан кейін үш минут өткен соң кемеден бөлініп шығады. Экипаждың жерді тамшалауға шамамен үш минут уақыты бар, кейін төмендеу басталады. Бүкіл миссия шамамен 15 минутқа созылады.

Ұшу Солтүстік Америка уақыты бойынша 8:00-ге, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-ге тағайындалған. Хабар бір жарым сағат бұрын, сағат 17:30-да басталады. Онда кеме мен астронавттардың ұшу алдындағы дайындығы көрсетіледі. YouTube-тегі Blue Origin ресми арнасында оқиғаны тікелей эфирде көруге болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы