Бүгін Алматыда сегіз мыңға жуық ағаш отырғызылады

Бүгін Алматыда «Алматы – бақ қала» акциясы аясында алма бақтарын құру үшін жаппай ағаш отырғызылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін 7705 жасыл желек отырғызылады, оның 4015-і жеміс және 1090-ы жапырақты ағаш және 2600-ы бұта.

Акция «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында өткізіледі. Бағдарламада шығармашылық байқаулар мен түрлі іс-шаралар қарастырылған.

Көшет егу жоспарланған жерлер:

•⁠ ⁠⁠ҮАК бойындағы солтүстігіндегі саябақ;

•⁠ ⁠АLA саябағы;

•⁠ ⁠⁠Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңы.

Сондай-ақ аудандарда алма аллеялары отырғызылады:

Алатау:

•⁠ ⁠«Алатау» дәстүрлі өнер театрының жанында;

•⁠ ⁠«Мәдениет» ТҮК;

•⁠ ⁠13 шағын аудан;

•⁠ ⁠«Саялы» шағын ауданы.

Алмалы:

•⁠ ⁠Ганди атындағы саябақ;

•⁠ ⁠«АЗТМ» сквері.

Әуезов:

•⁠ ⁠5 ш/а-дағы сквер.

•⁠ ⁠Жандосов көшесінің бойы Сайын даңғылынан Қарғалы өзеніне дейін.

Бостандық:

•⁠ ⁠Тұңғыш Президент саябағы;

•⁠ ⁠Қазмемцирктің маңы;

•⁠ ⁠Х.Ерғали өзенінің жағалауы;

•⁠ ⁠«Нұр Алатау» сквері;

•⁠ ⁠ҚазМУ жанындағы сквер;

•⁠ ⁠Ғабдуллин көшесі;

•⁠ ⁠Абай даңғылының бойындағы Тұрғыт Өзал көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі бөлу жолағы.

Жетісу:

•⁠ ⁠«Көкжиек» ш/а.

Медеу:

-Есентай өзенінің бойы әл-Фараби даңғылы мен Жамақаев көшесінің арасы;

•⁠ ⁠Алматы хайуанаттар бағының аумағында;

•⁠ ⁠Шухов атындағы саябақ.

Наурызбай:

•⁠ ⁠«Қалқаман» сквері;

•⁠ ⁠«Ақжар» сквері.

Түрксіб:

•⁠ ⁠«Балалар» саябағы;

•⁠ ⁠Сейфуллин даңғылы-Рысқұлов даңғылындағы жасыл аймақ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы