Бүгін Алматыда сегіз мыңға жуық ағаш отырғызылады
Бүгін Алматыда «Алматы – бақ қала» акциясы аясында алма бақтарын құру үшін жаппай ағаш отырғызылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін 7705 жасыл желек отырғызылады, оның 4015-і жеміс және 1090-ы жапырақты ағаш және 2600-ы бұта.
Акция «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының аясында өткізіледі. Бағдарламада шығармашылық байқаулар мен түрлі іс-шаралар қарастырылған.
Көшет егу жоспарланған жерлер:
• ҮАК бойындағы солтүстігіндегі саябақ;
• АLA саябағы;
• Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңы.
Сондай-ақ аудандарда алма аллеялары отырғызылады:
Алатау:
• «Алатау» дәстүрлі өнер театрының жанында;
• «Мәдениет» ТҮК;
• 13 шағын аудан;
• «Саялы» шағын ауданы.
Алмалы:
• Ганди атындағы саябақ;
• «АЗТМ» сквері.
Әуезов:
• 5 ш/а-дағы сквер.
• Жандосов көшесінің бойы Сайын даңғылынан Қарғалы өзеніне дейін.
Бостандық:
• Тұңғыш Президент саябағы;
• Қазмемцирктің маңы;
• Х.Ерғали өзенінің жағалауы;
• «Нұр Алатау» сквері;
• ҚазМУ жанындағы сквер;
• Ғабдуллин көшесі;
• Абай даңғылының бойындағы Тұрғыт Өзал көшесінен Үлкен Алматы өзеніне дейінгі бөлу жолағы.
Жетісу:
• «Көкжиек» ш/а.
Медеу:
-Есентай өзенінің бойы әл-Фараби даңғылы мен Жамақаев көшесінің арасы;
• Алматы хайуанаттар бағының аумағында;
• Шухов атындағы саябақ.
Наурызбай:
• «Қалқаман» сквері;
• «Ақжар» сквері.
Түрксіб:
• «Балалар» саябағы;
• Сейфуллин даңғылы-Рысқұлов даңғылындағы жасыл аймақ.