Кеше 2026, 08:11 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Бүгін Алматыда ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуеннен бас тартуғ шақырады.

Бүгін, 9 наурызда Алматы қаласында ауаның ластануына байланысты қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мамандардың мәліметінше, мұндай жағдай атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлармен байланысты. Олардың қатарында тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия құбылысы бар.

Осындай метеорологиялық жағдайда елді мекендерде ауа сапасы нашарлап, ластаушы заттардың концентрациясы артуы мүмкін.