24 Шілде 2022 2022, 08:55

Бүгін Алматыда ауа ластанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

2022 жылғы 24 шілдеде Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қазақстанның өзге қалаларындағы жағдай қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.