31 Шілде 2026, 08:33
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін Алматы мен Астанада ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ашық ауада ұзақ серуендемеуге кеңес береді.
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 31 шілдеге арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматы қаласында, ал түнгі уақытта Астанада қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық құбылыстардың жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлап, зиянды заттардың мөлшері артуы ықтимал.