Бүгін Алматы мен Ақтөбеде ауа ластанады
Бүгін, 13 қыркүйекте Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасы үшін қолайлы метеорологиялық жағдай сақталмақ. Алайда Алматы мен Ақтөбе қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай кезде ауа сапасының төмендеуі тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, атмосферадағы ластану деңгейін анықтайтын негізгі факторлар – желдің күші, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық көрсеткіштері.
Сондықтан Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына денсаулығына мұқият болып, әсіресе балалар мен қарт адамдардың ұзақ уақыт ашық ауада болмауына кеңес беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы