11 Қаңтар 2024 2024, 09:06 Фото: - архив

Бүгін Абай облысының оқушылары қашықтан оқиды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында 2024 жылғы 11 қаңтар күні I ауысымның оқушылары онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысында 2024 жылғы 11 қаңтар күні I ауысымның оқушылары онлайн форматта оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда:

  • Үржар ауданындағы 2 мектептің 1-11 сынып оқушылары 
  • Аягөз ауданындағы 12 мектептің 1-11 сынып оқушылары 
  • Жарма ауданындағы 6 мектептің 1-11 сынып оқушылары 
  • Бесқарағай ауданындағы 2 мектептің 1-11 сынып оқушылары, 2 мектептің 1-4 сынып оқушылары 
  • Семей, Курчатов қалаларындағы, Ақсуат, Бородулиха аудандарындағы барлық мектептің 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. 

Қалған аудан мектептері штаттық режимде оқиды.